Activities calendar

11 December 2019

ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ-КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

       ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Түркістан – адалдық алаңы» жобасының «Парасаттылық мектептерін» ашу бойынша өткізілген мәжілісінің 2019 жылғы 23 қазанындағы №1 хаттамасының негізінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде «Парасаттылық мектебі» өз жұмысын бастады. Білім алушылар мен оқытушы құрам арасында адалдық, әділдік, парасаттылық, ашықтық қағидаттарын кеңінен насихаттау мақсатында ашылған мектепке жетекші болып  әлеуметтік педагог А.Б.Бейсенбаева және «Ізгілік елшілері» еріктілер клубының құрамы жасақталып, бекітілді.