Activities calendar

05 January 2020

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТАРИХЫ»

16 желтоқсан – қазақ елінің асқақ арманы орындалып, жасампаздығы жаңа белеске көтерілген Тәуелсіздік күні.  Аталмыш мерекеге орай  М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде  «Ұлы даланың ұлы тарихы» атты мерекелік шара  ұйымдастырылды.  Ел еркіндігі мен азаттығы жолындағы  ұлы тарих тауқыметі мен айтулы  мерекенің маңызын  жас ұрпаққа түсіндіру мақсатында өткен жиынға  колледж директоры, оқу орда оқытушылары мен студенттері қатысты. Салтанатты жиында еліміздің көк туы желбіреп әнұран шырқалды. Шара аясында өз саласының үздік оқытушылары колледж директорының алғыс хатымен марапатталды.  Жиын шымылдығын ашқан колледж  директоры.