Activities calendar

09 January 2020

«Ұстаз мерейін өсіруге бағытталған заң»

«Алты алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімдікі»

Мағжан Жұмабаев

Ұстазды  сыйлауды  ережесіз-ақ ұғынған ұлы дала халқы  бала болашағы мен тәрбиесінің  бақылаушыларын ежелден  зор құрметке бөлеген. Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаз деп бағалаған халықтың болашағы қашан да жарқын екендігін тарихтың өзі дәлелдеді. Мұғалім қолына бала болашағын, ұлт ертеңін сеніп тапсыратын қоғамның педагогті құрметтеу – парызы. Жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын ұрпақ бойына дарытып, әр саланың жүйріктеріне білім беріп, тәрбиелеп келе жатқан ұстаздарды сыйлау  заңдастырылды.  Елімізде «Педагог мәртебесі туралы»  Заңның қабылдануы ұстаздар қауымы үшін қуанышқа толы айтулы жаңалықтардың бірі болды. Қабылданған заңның мазмұны   мұғалім мәртебесін арттырып, өнімді еңбек етуге зор ықпалын тигізетін жаңалықтарға  толы.