Activities calendar

24 January 2020

АБАЙ ӘЛЕМІН ЖАС ҰРПАҚҚА ДӘРІПТЕУ

М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде мемлекет басшысының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» тақырыбында жарияланған мақаласын талқылау жиыны болып өтті. Дөңгелек үстелге колледж директоры Әлібек  Сейдехан Нұрмаханұлы және оқу орын оқытушылары қатысты. Ел Президенті мақаласының мазмұнына ерекше тоқталып, ондағы жоспарларды жүзеге асыру жолдары жайлы сөз қозғалды. Ұлт әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ойшылдың даналық сөздерінің қазіргі қоғам мен астасып жатқан байланысы жайлы келелі пікірлер айтылып, тың ойлар талқыланды.