Activities calendar

12 February 2020

«Жаны мейірімге толы адам – бақытты»

М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде  «Жаны мейірімге толы адам – бақытты» атты қайырымдылық жәрмеңкесі  ұйымдастырылды. «Парасаттылық мектебі», «Ізгілік елшілері», «Саналы ұрпақ» клуб мүшелерінің ат салысуы арқылы өткен қайырымдылық жәрмеңкесіне жүрегі жомарт оқу орын ұстаздары мен студенттері түгел қатысты. Жәрмеңкеде колледж директоры С.Н.Әлібек: жомарттық – адам бойындағы ең тамаша қасиеттердің бірі екендігін айтып, жас ұрпаққа қайырымдылық жасаудың маңызын түсіндірді.