Activities calendar

31 March 2020

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫП, САПАЛЫ БІЛІМ АЛУДА

        Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты білім алушылардың, қызметкерлер мен педагогтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында биылғы жылдың 16 наурызынан бастап  елімізде төтенше жағдай енгізілген болатын. Төтенше жағдайға байланысты М.Әуезов атындағы  ОҚМУ колледжі  қашықтықтан білім беруге технологиясына көшті.  Білім алушыларға онлайн, оффлайн режімінде сапалы білім беру үшін педагогтарға вебинар жүргізілді. Вебинарда оқу үрдісі барысында «Platonus», «Zoom», College SmartNation»  және басқа да ресурстар арқылы қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушылар мен студенттерге нұсқаулықтар берілді.