Activities calendar

02 April 2021

«Ұлыстың ұлы күні»

   М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесіне орай Наурыз көже және ұлттық тағамдар әзірленіп , санитарлық талаптарды сақтай отырып колледж студенттері мен оқытушылар құрамына тарту етілді. Қонақта ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ маманы Танеев Рауан Нұрланұлы болды.

Ұлыстың Ұлыкүні 22-наурыз мерекесі және Қ. Мұңайтпасовтың 150 жылдығы

М.Әуезоватындағы ОҚУ колледжінде Ұлыстың Ұлыкүні 22-наурыз мерекесі және Қ. Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спартакиаданың марапаттау кезеңі болып өтті

«KAZDUAL»

   Жастар саясаты және білім берудің дуалды жүйесін жаңғырту мен тұрақты дамытуға бағытталған Еуропалық Одақтың  Эразмус+ бағдарламасының «KAZDUAL» жобасын «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан yниверситеті» КЕ АҚ бағдарламаның Қазақстандағы гранхолдері атанды.