Activities calendar

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫП, САПАЛЫ БІЛІМ АЛУДА

        Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты білім алушылардың, қызметкерлер мен педагогтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында биылғы жылдың 16 наурызынан бастап  елімізде төтенше жағдай енгізілген болатын. Төтенше жағдайға байланысты М.Әуезов атындағы  ОҚМУ колледжі  қашықтықтан білім беруге технологиясына көшті.  Білім алушыларға онлайн, оффлайн режімінде сапалы білім беру үшін педагогтарға вебинар жүргізілді. Вебинарда оқу үрдісі барысында «Platonus», «Zoom», College SmartNation»  және басқа да ресурстар арқылы қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушылар мен студенттерге нұсқаулықтар берілді. 

 

Ел ертеңі білімді жастар

       4.03.2020ж. М. Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанабайұлының 175 жылдығына орай, студенттер арасында «Ел ертеңі білімді жастар» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияны М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің директорының оқу – ісі жөніндегі орынбасары Г.Е. Садуакасова ашып беріп студенттерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ, конференцияның модераторы, яғни, конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері, студенттердің ғылыми зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын жандандыру, қазіргі таңдағы ғылыми мәселелерді шешуге қызықтыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау екенін айтып, іс-шараның өту тәртібімен таныстырып өтті.

«Жаны мейірімге толы адам – бақытты»

М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде  «Жаны мейірімге толы адам – бақытты» атты қайырымдылық жәрмеңкесі  ұйымдастырылды. «Парасаттылық мектебі», «Ізгілік елшілері», «Саналы ұрпақ» клуб мүшелерінің ат салысуы арқылы өткен қайырымдылық жәрмеңкесіне жүрегі жомарт оқу орын ұстаздары мен студенттері түгел қатысты. Жәрмеңкеде колледж директоры С.Н.Әлібек: жомарттық – адам бойындағы ең тамаша қасиеттердің бірі екендігін айтып, жас ұрпаққа қайырымдылық жасаудың маңызын түсіндірді.

АБАЙ ӘЛЕМІН ЖАС ҰРПАҚҚА ДӘРІПТЕУ

М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде мемлекет басшысының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» тақырыбында жарияланған мақаласын талқылау жиыны болып өтті. Дөңгелек үстелге колледж директоры Әлібек  Сейдехан Нұрмаханұлы және оқу орын оқытушылары қатысты. Ел Президенті мақаласының мазмұнына ерекше тоқталып, ондағы жоспарларды жүзеге асыру жолдары жайлы сөз қозғалды. Ұлт әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ойшылдың даналық сөздерінің қазіргі қоғам мен астасып жатқан байланысы жайлы келелі пікірлер айтылып, тың ойлар талқыланды.

«Ұстаз мерейін өсіруге бағытталған заң»

«Алты алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімдікі»

Мағжан Жұмабаев

Ұстазды  сыйлауды  ережесіз-ақ ұғынған ұлы дала халқы  бала болашағы мен тәрбиесінің  бақылаушыларын ежелден  зор құрметке бөлеген. Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаз деп бағалаған халықтың болашағы қашан да жарқын екендігін тарихтың өзі дәлелдеді. Мұғалім қолына бала болашағын, ұлт ертеңін сеніп тапсыратын қоғамның педагогті құрметтеу – парызы. Жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын ұрпақ бойына дарытып, әр саланың жүйріктеріне білім беріп, тәрбиелеп келе жатқан ұстаздарды сыйлау  заңдастырылды.  Елімізде «Педагог мәртебесі туралы»  Заңның қабылдануы ұстаздар қауымы үшін қуанышқа толы айтулы жаңалықтардың бірі болды. Қабылданған заңның мазмұны   мұғалім мәртебесін арттырып, өнімді еңбек етуге зор ықпалын тигізетін жаңалықтарға  толы.  

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТАРИХЫ»

16 желтоқсан – қазақ елінің асқақ арманы орындалып, жасампаздығы жаңа белеске көтерілген Тәуелсіздік күні.  Аталмыш мерекеге орай  М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде  «Ұлы даланың ұлы тарихы» атты мерекелік шара  ұйымдастырылды.  Ел еркіндігі мен азаттығы жолындағы  ұлы тарих тауқыметі мен айтулы  мерекенің маңызын  жас ұрпаққа түсіндіру мақсатында өткен жиынға  колледж директоры, оқу орда оқытушылары мен студенттері қатысты. Салтанатты жиында еліміздің көк туы желбіреп әнұран шырқалды. Шара аясында өз саласының үздік оқытушылары колледж директорының алғыс хатымен марапатталды.  Жиын шымылдығын ашқан колледж  директоры.

ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ-КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

       ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Түркістан – адалдық алаңы» жобасының «Парасаттылық мектептерін» ашу бойынша өткізілген мәжілісінің 2019 жылғы 23 қазанындағы №1 хаттамасының негізінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде «Парасаттылық мектебі» өз жұмысын бастады. Білім алушылар мен оқытушы құрам арасында адалдық, әділдік, парасаттылық, ашықтық қағидаттарын кеңінен насихаттау мақсатында ашылған мектепке жетекші болып  әлеуметтік педагог А.Б.Бейсенбаева және «Ізгілік елшілері» еріктілер клубының құрамы жасақталып, бекітілді.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ!

      М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі  және дайындық орталығының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында 29 қараша күні «Қазіргі Қазақстан    Елбасының көшбасшылығының сабақтары» тақырыбында кездесу болып өтті. Жиынға Елбасының курстасы және 4 жыл бірге қызмет жасаған Сапарбаев Ермантай  мен 1958-1960жж Украина Днепродзержинский қаласындағы №8 Техникалық училищеде «Домна пештері»  мамандығы бойынша Елбасымен бірге білім алған Спаев Тельман қатысты. 

Адал ұрпақ - жарқын болашақ!

8 ноября 2019 года в колледже Южно-Казахстанского государственного университета им. М.Ауезова в офисе проекта «Адал ұрпақ - жарқын болашақ» в целях реализации антикоррупционной политики в сфере образования на системную и долговременную основу состоялась встреча в свободном формате  членов клуба со студенческой молодежью. И.о. заместителя директора по воспитательной работе М. E. Исмаилова призвала студентов быть честными, развивать духовное богатство, прививать моральные ценности  и стремление молодежи  к построению общества с высокой антикоррупционной   культурой.

 

Адал ұрпақ - жарқын болашақ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеттінің колледжінде саналы ұрпақ жобалық кеңсесінде 2019 жылдың 8 қарашасында ерікті клуб мүшелерімен  «Адал ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында еркін форматта кездесу болып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а. М. Е. Исмайлова білім алушыларды  адал болуға, рухани байлығын дамытуға, адамгершілік қасиеттерін оятуға, және де жастарды адалдық қоғамын құруда белсенділікке шақырды.

Победная неделя!

       Ноябрь оказался богатым на интересные события и успехи наших студентов. Большую радость  казахстанцам доставила молодежная сборная по боксу по итогам Чемпионата Азии, стартовавшего 9 ноября в столице Монголии Улан-Баторе. Шесть золотых медалей, первое командное место. Свой вклад в победу внёс и гордость колледжа ЮКГУ имени М. Ауезова, студент 3 курса  специальности "Физкультура и спорт" Айдарулы Маргулан. И это, мы уверены, только хорошее начало спортивной карьеры, что  ещё не раз Маргулан высоко поднимет наше знамя в честь казахстанского спорта. Большой интерес в студенческой среде вызвал конкурс "Жас талант-2019", организованный ЮКГУ имени М. Ауезова. Учащиеся колледжа активно включились  в работу конкурса, приняли участие  в различных номинациях

 

Аламанға толы апта!

  М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі үшін қараша айының өткен аптасы олжалы болды. Тартысқа толы апта күндерінде оқу орданың өнерлі студенттері түрлі саладағы тартыста өз бақтарын сынап, колледж абыройын асқақтатты. Атап айтсақ,  «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенті Айдарұлы Марғұлан қараша айының 9 күні басталған Моңғолияның астанасы Улан-Батор қаласында өтетін бокстан Азия чемпионатына қатысқан болатын.  Аламан додада білім алушымыз ел құрамасы сапында өнер көрсетіп, қолда жүлдені иемденді. Одан бөлек, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұйымдастырған «Жас талант-2019» байқауына колледждің өнерлі  студенттері қатысып, жүлде тұғырынан көрінді. «Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі» мамандығының бірінші курс студенті Адиат Бекасыл Сералыұлы, «Ғимараттар мен құрылымдарды салу технологиясы» мамандығының  2 курс студенті Төребек Мейрамбек Исламбекұлы «Аспапта орындаушылық өнер» жанры бойынша ІІІ орын дипломдарымен  марапатталып, апта ішіндегі табысты істер жалғасын тапты. М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі үшін қараша айының өткен аптасы олжалы болды.

 

ОҚУ ОРДАСЫНДА ҚОС ДЕПУТАТ БІЛІМ АЛУДА

Шымкент қаласының аумағында тұратын 14-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан қалалық жастар мәслихатының депутаттарын арнайы критерийлер бойынша іріктеу керек болатын. Жалпы мәслихат 29 жас депутаттан құралып, өкілеттілігі екі жылға созылатындығы хабарланды.  М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің  студенттері Төленбек Нұрайым Шахимергенқызы және Байниязова Ұлдана Жолымбекқызы жастар мәслихаты депутаттығына ағымдағы жылдың маусым айынан бастап өз үміткерлігін ұсынған.

Жеңіске бір қадам...!

 

Ел намысын қорғайтын былғары қолғап шеберлерінің арасында«Дене тәрбиесі және    спорт»   мамандығының   4 курс студенті Айдарұлы Марғұлан қараша айының 9-18 күндері Моңғолияның       Улан- Батор қаласында өтетін чемпионатта еліміздің көк туын желбіретеді деген сенім артып, Марғұланға жеңіс тілейміз!

Ұстаздар сыйлық алмайды»

     Облыстық адами әлеуетті  дамыту басқармасы ҚР сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің 2019 жылғы  30 қыркүйегіндегі  №17/4-4341 хатына  сәйкес  өңірімізде сыбайлас  жемқорлық көріністерінің  алдын-алу бағытында «Ұстаздар сыйлық алмайды» атауымен  бейнеролик эстафетасын...

«Ұстаз – ұлағатты есім»

М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде ұстаздар мерекесіне орай қазан айының 11 күні «Ұстаз – ұлағатты есім» тақырыбында іс-шара өтті. Университет бас ғимаратының Акт залында өткен жиынды колледждің белсенді жастары ұйымдастырды.

«Жолдау жаңа табыстарға бастайды»

   Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі"  тақырыбындағы  халыққа жолдауының аясында  2019 жылдың  3 қыркүйек күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде мәжіліс өтті...

Қасіретті жылдардың зардабы

Таяуда  31 мамыр –Саяси –қуғын құрбандарын  еске алу  күніне орай  М.Әуезов атындағы   ОҚМУ колледжінің  «Саяси қуғын –сүргін құрбандары мұражайында»  «Қасіретті  жылдардың  зардабы» атты тарихи кеш өтті...

«Жас маман-2019» байқауы

Жаңғыру арқылы  жаңа әлемге бет түзеген  тұста жастар мемлекеттегі  басты қозғаушы күш болып  табылады. Осы орайды жастар жылы аясында М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде 3.04-26.04.2019ж аралығында колледжішілік «Жас маман-2019» байқауы болып өтті...

"Сапалы кәсіптік техникалық білім-жастар жаңғыруының негізі" атты ғылыми –тәжірбиелік конференция

24.04-25.04.2019 ж. аралығында   М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде "Сапалы кәсіптік техникалық білім-жастар жаңғыруының негізі" атты ғылыми –тәжірбиелік конференциясы 4 секция  бойынша ұйымдастырылды...

«Кәсіптік және техникалық білім беру-жастардың болашағына жол ашу» тақырыбындағы апталық

Техникалық пәндер бойынша пәндік-әдістемелік бірлестігінің 15.04-19.04.2019ж. аралығында «Кәсіптік және техникалық білім беру-жастардың болашағына жол ашу» тақырыбында апталығы  болып өтті...

«Кемел білімінің көкжиегін ашқан кітаптар»

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің колледжі және жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық орталығында   14 наурыз күні « Жастар жылы» аясында «Кемел білімінің көкжиегін ашқан кітаптар»  атты іс – шара ұйымдастырылды...

"Ұлы даланың жігіттері"

06.03.2019ж.  М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде «Болашаққа бағдар:рухани  жаңғыру" бағдарламасы  және "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында  «Ұлы даланың жігіттері" тақырыбында  іс-шара болып өтті.06.03.2019 ж  М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде «Болашаққа бағдар:рухани  жаңғыру" бағдарламасы  және "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында  «Ұлы даланың жігіттері" тақырыбында  іс-шара болып өтті...

Сүйінші! М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің қоржынында тағы бір медаль.

Біздің мақтан тұтатын студентіміз – Айдарұлы Марғұлан 2001-2002 жылы туылған жастар арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатында 69кг салмақ дәрежесінде жүлделі І орынды иеленіп, «Спорт шебері» атағын алды...

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІ ЖАС МАМАНДАРЫ»

11.02.2019ж М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің  колледжінде «Ақпараттық жүйелер технологиясы және гуманитарлық пәндік-әдістемелік бірлестігінің «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІ ЖАС МАМАНДАРЫ» тақырыбында онкүндігінің ашылуы болып өтті...

«Ұлт рухының, ұлы жолы»

13.12.2018ж М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде Тәуелсіздіктің  27 жылдық мерейлі мерекемізге арналған «Ұлт рухының, ұлы жолы»  мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шара Тұрар Рыскулбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастау алды...

«Ұлт рухының, ұлы жолы»

     13.12.2018ж М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде Тәуелсіздіктің  27 жылдық мерейлі мерекемізге арналған «Ұлт рухының, ұлы жолы»  мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шара Тұрар Рыскулбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастау алды.

«Ұлт рухының, ұлы жолы»

       13.12.2018ж М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде Тәуелсіздіктің  27 жылдық мерейлі мерекемізге арналған «Ұлт рухының, ұлы жолы»  мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шара Тұрар Рыскулбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастау алды.

«Types of computer system(Input devices, out put devices) Phrasal verbs English Tenses» атты тақырыпта ашық сабақ өтті

  2018 жылдың 26 қарашасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің  шет тілі пәнінің оқытушысы Есходжаева Улжалгас Исахановна ЕТ-18-13к  тобында «кәсіптік шет тілі» пәнінен «Types of computer system(Input devices, out put devices) Phrasal verbs English Tenses» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ- ЕЛ ЕРТЕҢІНІҢ КЕПІЛІ

М.Әуезов атындағы №13 ғимаратындағы кітапхананың №16 оқу залында "5 қазан күні жарияланған Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру тақырыбындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау" өтті.

«Жұлдызы жанған-ұстаз»ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара

   2018 жылдың қазан  айының 5 күні Шымкент қаласы, М.Әуезов  атындағы ОҚМУ-нің колледжінде «Жұлдызы жанған-ұстаз»  ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара  атылып өтілді. Іс-шара таңертеңгі студенттердің  қарсы алуымен басталды. Қосымша бекітілген сабақ кестесімен белсенді студенттер оқытушыларымызды алмастырды...

Құттықтаймыз!!!

2018 жылдың 1қазан күні Шымкент қаласы отбасы, балалар және «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жастар арасында футболдан  «Жастар лигасы»  сайысы өтті.

«Үздік колледж оқытушысы-2018».

28.05.18. в  индустриально - техническом колледже №3  города Шымкент методический кабинет ЮКО проводил третий тур конкурса « Отличный педагог». Из 95-ти участников на третий тур были допущены – 20 учителей среди них  была преподаватель русского языка и литературы из колледжа ЮКГУ им. М. Ауезова Автюхова Светлана Николаевна...

"Сапалы кәсіптік және техникалық білім беру ұлт жаңғыруының негізі"

26.03.-2.04.2018 ж Техникалық мамандықтар бойынша пәндік-әдістемелік бірлестігінің "Сапалы кәсіптік және техникалық білім беру ұлт жаңғыруының негізі" атты тақырынбында апталық өткізілді...

«Табиғатты аялайық»

    15.11.2017жыл  «Табиғатты  аялайық» атты ашық тәрбие  сағаты өткізілді. Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек...

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жанғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы

     2017 жылғы ақпан айының 6 жұлдызы күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде  Елбасы Н.Назарбаевтің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау бойынша іс-шара өтті..

Шымкент 28-ші қысқы Универсиада эстафетасының алауын қабылдады

28.01.2017 ж. М.Әуезова атындағы ОҚМУ  колледжінің оқытушылары мен студенттері Әл-Фараби алаңында өткізілген 28-ші қысқы универсиада эстафетасының ашылуына қатысты.

«Самал- Шаткалы»

20.01.2017 г. М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің оқытушылары мен студенттері облыс әкімі Түймебаев Ж.К. және ОҚМУ ректоры Ж.У.Мырхалыковтың басқаруымен ұйымдастыруымен өткен «Самал- Шаткалы» демалыс аймағының ашылуына орай  мыңнан астам ағаш түптерін отырғызды.

«1986 ж Алма-Аты қаласында өткен желтоқсан оқиғасының құрбандарына тағзым".

15.12.2016 г. М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің оқытушылары мен  студенттерінің ұйымдастыруымен Қ.Рысқұлбеков көшесі №1 үйде орналасқан  Қайрат Рысқұлбековтың мемориалдық тақташасына  гүл шоқтары қойылды...

«Менің елім –Тәуелсіз Қазақстан»

14.12.2016 ж. Колледжіміздің акт залында «Гуманитарлық және экономикалық пәндер»  ПЦК апталығында колледж студенттерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдық мерей тойына арналған...

«Шынықсаң – шымыр боласың!»

10.12.2016 г. М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің студенттері «Буравестник» спорт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойының қарсаңында «Шынықсаң – шымыр боласың» атты тақырыбында спорттық сайыс өткізді...

«Мәңгілік ел»

06.12.2016 ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі «Гуманитарлық және экономикалық пәндер»  ПЦК апталығында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» тақырыбында ашық тәрбие  сағаты өткізді...

Университеттің тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің өкілдерімен дөңгелек үстел.

02.12.2016г.   М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің студенттері колледжіміздің акт залында университетіміздің тәрбие жұмысы және жастар саясаты мәселелері жөніндегі департаментінің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді...

М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі мен университет бірлесе отырып, спорттың 12 түрінен студенттік спортакиада ұйымдастырды.

02.12.2016 г. Қазақстан Республикасының 25-жылдығына орай,   М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі университетпен бірлесе отырып, «Буравестник» спорт кешенінде  спорттың 12 түрінен студенттік спортакиадаға қатысты...

Талапкер

Жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11 сынып түлектері назарына

Замануи талаптарға сай жоғары білікті мамандар даярлау бойынша Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі М.Әуезов  атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің колледжі 20 мамандық  бойынша  білімгерлерді қабылдайды.

9 және 11 сынып оқушыларын оқуға қабылдау  мемлекеттік білім гранты және ақылы негізде жүзеге асырылады.

Колледж туралы

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің колледжі университет ректорының 2016 жылдың 1сәуіріндегі №96-н бұйрығымен университеттің құрамдас бөлімі ретінде ашылды және оған ҚР Білім және ғылым министрлігінің №0000042 лицензиясы берілген. Колледжде "Техникалық мамандықтар бөлімі" және "Ақпараттық технологиялар бөлімі" жұмыс істейді және қазіргі заманға аса қажетті болашағы бар 19 мамандықтар бойынша кадрлар дайындалады.