«1 қыркүйек – Білім күніне арналған мерекелік іс-шара»

2019 жылдың қыркүйек айының 1 күні ОҚМУ-да Білім күніне арналған салтанатты мерекелік шара «Денсаулық» спорт кешенінде болып өтті.   Салтанатты іс-шараға  қала әкімі Ерлан Айтаханов  қатысып,  мерекелік жиынды құттықтау сөзімен ашты. Шахар басшысы оқу орда студенттері мен оқытушылар ұжымын білім күнімен құттықтап, еліміздің дамуына үлес қосып,  толағай табыстарға   жету жолында   ақ жол тіледі. Сонымен қатар  өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде аянбай тер төккені үшін бірқатар профессор-оқытушылар құрамын  және М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің директоры  т.ғ.д профессор Әлібек Сейдахан Нұрмаханұлын  Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапаттады.   Салтанатты іс-шара барысында  М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры  Дария Пернешқызы  1-ші курс студенттеріне білім кілті мен студенттік билет тапсырып,   оқу орда табалдырығын алғаш аттаған студенттерді керемет кезеңге қадам басуымен құттықтады.