«1 Наурыз – Алғыс айту күні»

01.03.2019 ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің колледжінде  С.Н. Автюхова, Г.К.Халмуратованың  ұйымдастыруымен «1 Наурыз – Алғыс айту күніне» арналған  мерекелік іс-шара болып өтті.   Іс-шараға   М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледж директоры, т.ғ.д., профессор, колледж директоры Сейдахан Нұрмаханұлы  Әлібек, директорының тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары Ж.О.Малибеков, колледж оқытушылары мен студент жастары  қатысты.              Іс-шараны  колледждің белсенді білімгерлері Джуматова Ахмет, Кудратуллаев Гуламжон және Апшейтова Ақниет жүргізді.  АГ-18-11к1 тобының білімгерлері Асан Асылхан, Байырханұлы Нұрқанат, Набиев Захиджантуған жеріне ,ата-анасына, ұстаздарына арнаған  алғыс өлеңдерін арнаса,  Кушербаева Аида мен  ВЕТ-18-15к тобының білімгер Орынбасарова Әсел  «Ұйғыр» халқының  ұлттық биін  билеп  көрермендерді  шаттыққа  бөледі. ҒСн-18-10к тобының білім алушысы Калачева Ангелина орыс халқының«Масленица» мерекесі туралы қысқаша түсіндіріп өтті. Іс-шара  соңында  колледж директоры   С.Н Әлібек  «Алғыс айту»күнінің  тарихы мен мен маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар «1-наурыз көктемнің алғашқы күні. Әрбір жандар үшін көктемнің сұлу келбеті мен әдемі көрінісі көздің жауын алады.Алғыс айтуда шынайы айтқан адам, көп жақсылыққа кенеледі. Адамдар жақсылық жасаудан бөлек тілектері мен алғыстарын айту қажет.Кез-келген уақытта әр мүмкіндікті жіберіп алмай бағалау керек. Алғыс білдіруден жалықпаған адамзат баласы биік армандарға ,асыл мұратқа жетеді»-деп іс-шараны қортындылады.