Адал ұрпақ - жарқын болашақ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеттінің колледжінде саналы ұрпақ жобалық кеңсесінде 2019 жылдың 8 қарашасында ерікті клуб мүшелерімен  «Адал ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында еркін форматта кездесу болып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а. М. Е. Исмайлова білім алушыларды  адал болуға, рухани байлығын дамытуға, адамгершілік қасиеттерін оятуға, және де жастарды адалдық қоғамын құруда белсенділікке шақырды. Саналы ұрпақ жоба жетекшісі А.Б Бейсенбаева Саналы ұрпақ жобалық кеңсесін және Саналы ұрпақ  ерікті клубының мүшелерімен және онда атқарылатын жылдық жұмыс жоспарымен таныстырып өтті. Кездесуде клуб жетекшісінің орынбасары Тәліпов Әмірхан Уәлиханұлы «Адал ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында өз ойымен бөлісті.  Кездесуде студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, бірауыздан осы жобаны асыруда қолдау көрсетіп, барлық бағыттағы жұмыстарды үйлестіретіні туралы ұсыныс, пікірлерін айтты. Сонымен қатар 2019 жылдың 15 қарашасында студенттердің ұйымдастыруымен «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ кепілі» атты флешмобы  өтті.