Ақпараттық технологиялар бөлімі

 

Ақпараттық технологиялар және экономикалық пәндер кафедрасы Жеңіл және тамақ өнеркәсібі кафедрасы

М. Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі, «Ақпараттық технологиялар» бөлімі

Ақпараттық технологиялар бөлімі өзінің бастауын 2016 жылы сәуір айынан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің колледжінің ашылуымен  және «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша алғашқы талапкерлерді қабылдауымен байланыстырды.

Бастапқыда бөлімде «Жалпы білім беру» кафедрасы жұмыс жасап, 2017  жылдан бастап бөлімде «Ақпараттық технологиялар және экономикалық пәндер» кафедрасы және «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі» кафедрасы болып бөлініп шықты. Яғни, бөлімде 1305000-«Ақпараттық жүйелер», 1304000-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 1214000-«Трикотаж, тоқыма, галантеря бұйымдары технологиясы», 0402000-«Дизайн», 1211000-«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», 0518000-«Есеп және аудит», 0103000-«Дене тәрбиесі және спорт»  мамандығы бойынша  ашылып 369 білім алушылар білім алуда. Бөлімде, 32 білікті оқытушы мамандар жұмыс атқарады.

Іс жүзінде, колледждегі «Ақпараттық технологиялар» бөлімінің түлектері  Түркістан облысының аудандарында және Шымкент қаласында ақпараттық жүйелер және жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша кәсіпорындардың, автоматтандыру инженерлерімен қамтамасыз етуде,  сонымен қатар банк жүйесінде, Шымкент қаласындағы өнеркәсіп, ақпараттық жүйелердегі техник-бағдарламашы, техник-технолог қызметін атқарушы мамандардың көпшілігібөлім түлектері. Сондай-ақ, бөлімнің білім алушылары, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің және басқа да білім ордаларында өз білімдерін жалғастыруда.

Айдарұлы Марғұлан «0103000-Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының  түлегі

  1. 2019 ж Қазақстан Республикасы Чемпионатында 69 кг салмақ дәрежесінде жүлделі І орынды иегері;
  2. 2019 ж ҚР Бокстан «Спорт шебері» атағын алды;
  3. 2010 жылдан бері бокстан әртүрлі дәрежеде жарыстардан43 медальді иеленген;
  4. 2019ж  9-18 қараша аралығында жастар арасындағы бокстан Моңғолия, Улан-Батор қаласындаАзия чемпионатында Қазақстан елінің намысын қорғап қола медаль иегері атанды.

Төленбек Нұрайым Шақимергенқызы «1305000-Ақпаратты жүйелер» мамандығыныңтүлегі

Жетістіктері: 

  1. 2012ж Оңтүстік Қазақстан облыстық «Сөз шебері» байқауының лауреаты;
  2. 2013жОңтүстік Қазақстан облыстық «Сөз шебері» байқауының бас жүлде иегері;
  3. 2013ж Оңтүстік Қазақстан облыстық «Жас дарын» байқауының лауреаты;
  4. 2017ж  «Ең жас диктор» номинациясы;
  5. 2018ж «Үздік сюжет» телеарналар байқауының бас жүлде иегері;
  6. 2015-2019ж облыс, қала әкімдерінің мәдени іс-шара жүргізушісі;
  7. 2018 ж облыс, қала әкімдері мәдени іс-шараларының режиссер-сценаристі;
  8. 2019 ж  бастап Шымкент қалалық жастар мәслихатының депутаты.