Аламанға толы апта!

       М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі үшін қараша айының өткен аптасы олжалы болды. Тартысқа толы апта күндерінде оқу орданың өнерлі студенттері түрлі саладағы тартыста өз бақтарын сынап, колледж абыройын асқақтатты. Атап айтсақ,  «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенті Айдарұлы Марғұлан қараша айының 9 күні басталған Моңғолияның астанасы Улан-Батор қаласында өтетін бокстан Азия чемпионатына қатысқан болатын.  Аламан додада білім алушымыз ел құрамасы сапында өнер көрсетіп, қолда жүлдені иемденді. Одан бөлек, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұйымдастырған «Жас талант-2019» байқауына колледждің өнерлі  студенттері қатысып, жүлде тұғырынан көрінді. «Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі» мамандығының бірінші курс студенті Адиат Бекасыл Сералыұлы, «Ғимараттар мен құрылымдарды салу технологиясы» мамандығының  2 курс студенті Төребек Мейрамбек Исламбекұлы «Аспапта орындаушылық өнер» жанры бойынша ІІІ орын дипломдарымен  марапатталып, апта ішіндегі табысты істер жалғасын тапты.