"AntiParaGraft" квест ойыны

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында М.Әуезоватындағы ОҚУ колледжінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып "AntiParaGraft" студенттік квест ойыны онлайн және офлайн режімінде болып өтті. "AntiParaGraft" студенттік квест ойынына 4 команда қатысты. Офлайн режімінде топ басшысы қатысып, қалған топ мүшелері онлайн режімінде сұрақтарға жауап беріп отырды. Ойынның ІІІ кезеңіне 4 топтың ұпайсандары теңтүсіп жолдама алды. Қатысушыларға сәттілік тілейміз.