«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»

  2019 жылдың  21 мамыр күні, сағат 11:00-де М.Әуезов атындағы ОҚМУ коллежінде «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» іс-шарасы болып өтті. Іс-шараның мақсаты-2019 жылы 9,11 сынып түлектеріне колледждің  оқу бағдарламаларын,  оқу- материалдық базасы мен оқу ғимараттарын таныстыру. Іс-шараға  Шымкент қаласы  бойынша  бітіруші түлектер  мен олардың ата-анасы  және өндірістік іс-тәжірбие  бойынша  келісімге отырған  облыстың  алдыңғы қатарлы кәсіпорын  мамандары  қатысты.  Конақтар   колледж оқытушылары ұйымдастырған  көрмесіне,  жаңа технологиялық  құралдардың презентациясына,  студенттердің жаңа  жобалары мен  студенттердің  концерттік бағдарламасына куәгер болды.  Сонымен қатар  мектеп түлектеріне викториналық сұрақтар қойылып, сыйлықтар табысталды.  Іс-шара соңында мектеп оқушыларын М.Әуезов атындағы ОҚМУ  оқу ғимаратымен, арнайы зертханалармен және оқу-өндірістік шеберханалармен таныстырды.