«Ашық мектеп» білім беру жобасының негізін қалаушы Қиясов Нұрлан Мұратұлы М.Әуезова тындағы ОҚУ-де

2020 жыл 21 қазан күні, Мәскеу  қаласының   Ed Crunch University НИТУ «МИСиС» Заманауи  технологиялар  орталығының  директоры, «Ашық мектеп» білім беру жобасының негізін қалаушы Қиясов Нұрлан Мұратұлы М.Әуезов  атындағы ОҚУ-де болды.
Университет  жыл  басынан бастап Орталықпен білім беру бағдарламаларын іске  асыруда онлайн курстарды қолдану аясында ынтымақтастық орнатып келеді. Ректор Д.П.Қожамжаровамен  кездесу  барысында  интерактивті  білім беру саласындағы  ынтымақтастықтың  перспективалық  бағыттары (НИТУ "МИСиС" барлық онлайн курстарына  қол жетімділікті  қамтамасыз  ету) туралы  әңгімелесті.
Орталық  университет оқытушылары мен студенттеріне онлайн-курстарды дамытуда  консультациялық  және  ақпараттық  қолдау, қолданбалы модельдер, сонымен  қатар  студенттер  арасындағы маркетинг курстарында консультациялық  қолдау  және  прокторлық   көмек  көрсетеді.
Кездесу  барысында  Нұрлан   Мұратұлы  университеттің  серіктесі  НИТУ МИСиС-тің  қашықтықтан  оқыту  тәжірибесімен, оның  ерекшеліктерімен таныстырды  және  бізге онлайн-оқытуды  енгізу  стратегиясын  жетілдіру, онлайн-технологияларды  енгізу   арқылы  білім беру қызметтерінің  экономикалық  тиімділігін  арттыру, халықаралық  білім  кеңістігінде университет  брендін құру  және  қолдау  бойынша  құнды  ұсыныстар   берді.
Бүгінгі  кездесу  болашақта  бірлескен  білім беру бағдарламаларын Шымкент  қаласы  деңгейінде  жүзеге асырудың  нәтижесін береді деп ойлаймыз.