«Ауғанның отты жалыны» ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

      19.02.2019 ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің колледжінде «Ауғанның отты жалыны» атты  ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қалалық, Ауған соғысы ардагерлері  кеңесі басшысының бірінші орынбасары Алиев Есебалы Кәтіпұлы және Райымбердиев  Қыдырәлі  Тәңірбергенұлы шақырылды.

      Кездесуге М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.О.Малимбеков, колледж оқытушылары және студенттер қатысты. Алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы С.С.Тилеубердиев  «Ауғанның отты жалыны» баяндамасымен кездесуді ашып берді. Кездесуді  колледждің белсенді жастары Момбай Диас және Уринбаева Сапаргул жүргізді. МЖн-17-3к тобының білімгері Момбай Диас «Адай» күйін орындап, АЖн-18-14к тобының 1 курс білім алушысы Алтынбек Назгулдің орындауында «Ұлт көсемі» әнін шырқады. ТТн-18-7к тобының білім алушысы Тәжібай Мейрамгүлдің орындауында «Туған жер» патриоттық рухты асқақтатты.

       Колледжіміздің   пәндер оқытушысы, Ұ. Байтақовтың  «Қара майор» баяндамасы  көпшілік қауымға ой  салды. Кездесуге  келген қонақтарға колледж студенттері сұрақтар қойып, сұхбаттасты. Өр тұлғалы, ерен мінезді ардагерлермен кездесу, сұхбаттасу студенттердің жүрегіне патриотизмді ұялата білді.