БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!!! Құттықтаймыз!

 

Құттықтаймыз! М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің қоржынында   қос  медаль.

      Біздің мақтаныштарымыз - Айдарұлы Марғұлан және  Алиқызы Аяужан білім ордамызға  жеңіспен оралды. Айдарұлы Марғұлан Ресей мемлекетінде өткен 15 мемлекеттің спортшылары бақ сынасқан халықаралық  турнирде  бокстан  69кг салмақ дәрежесінде жүлделі ІІ орынды иеленсе,  Алиқызы Аяужан Түркістан облысының ашық біріншілігінде қыздар арасындығы  жекпе-жек сайысынан  жүлделі І орынды иеленді. 10.04.2019ж М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің директоры т.ғ.д,профессор Сейдахан Нұрмаханұлы Әлібек  чемпиондарымыз Айдарұлы Марғұлан мен  Алиқызы Аяужанды  жеңістерімен құттықтады.  Чемпиондарымыз  «Дене шынықтыру және  спорт» мамандығының 3 курс студенттері.