Ел ертеңі білімді жастар

4.03.2020ж. М. Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанабайұлының 175 жылдығына орай, студенттер арасында «Ел ертеңі білімді жастар» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияны М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің директорының оқу – ісі жөніндегі орынбасары Г.Е. Садуакасова ашып беріп студенттерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ, конференцияның модераторы, яғни, конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері, студенттердің ғылыми зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын жандандыру, қазіргі таңдағы ғылыми мәселелерді шешуге қызықтыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау екенін айтып, іс-шараның өту тәртібімен таныстырып өтті.

Ғылыми –тәжірибелік конференция 4 секцияға бөлініп жұмыс жасады. Атап айтсақ,

Секция 1. «Құрылыс материалдарыжәне мұнай газ»

Секция 2.  «Ауылшаруашылығы  және жеңіл өнеркәсіп»

Секция 3.  «Жалпы білім беру пәндері»

Секция 4.  «Экономика, құқық және ақпараттық технологиялар»

Әр секцияға төраға мен сарапшылар тағайындалып, студенттердің баяндамаларын тыңдап, І-дәрежелі, ІІ-дәрежелі, ІІІ-дәрежелі дипломдармен және сертификаттармен  мараппатталды.