ERASMUS + бағдарламасының халықаралық күндерін өткізу аясында "KAZDUAL жобасы серіктестерінің танысу кездесуі

17.10.2020 ERASMUS + бағдарламасының  халықаралық  күндерін  өткізу  аясында "KAZDUAL жобасы  серіктестерінің танысу  кездесуі – Қазақстанда дуалды жүйені енгізу" атты халықаралық онлайн вебинар  өтті. Вебинарды ұйымдастырушылар және негізгі  іс - шараларды  жүргізушілер Сапаргалиева Баян Оралхановна - бөлім бастығы, Абай атындағы   ҚазҰПУ-дың  жоба  үйлестірушісі, Искакова  Айгуль  Толеутаевна -ОҚУ-нің  стратегиялық   даму  және  интернационалдандыру  жөніндегі проректоры. М.Әуезов атындағы ОҚУ Болон процесі және  академиялық  ұтқырлық  орталығының директоры.  Жобаның  байланыс  тұлғасы  жоба   бойынша  алғашқы  кездесуді онлайн режимінде   өткізді. Онлайн  вебинарда  жобаның 30-ға жуық  қатысушысы, қонақтары, жоғары оқу орындары мен ұйымдардың  өкілдері  болды.