ҚАСІРЕТ ПЕН ТАҒЗЫМ

      Мемлекет басшысы тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын. Осы тапсырма аясында ағымдағы жылдың мамыр айының 30 күні Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев саяси  қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуін жариялады. Жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешек қалыптастыратынымызды айтқан Президентіміз биылғы көптеген шаралар өткізудің маңызына тоқталған болатын. Осы орайда, 31 мамыр ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде "Тарих және тағылым"  тарихи-танымдық дөңгелек үстел өтті. Өткен ғасырда ел басынан өткен ауыр нәубет пен репрессия жылдарының жазықсыз құрбаны  болған Алаш зиялыларын жас ұрпақ мәңгілік ұмытпай, ұлт ертеңі жолындағы ерен ерліктерін дәріптеу   мақсатында ұйымдастырылды. Аталмыш жиынды ашып берген колледж директоры т.ғ.д С.Н.Әлібек өз сөзінде ауыр жылдардың қасіретін айтып, өткен тарих туралы тағылымды пікір білдірді.  Өз кезегінде атсалысқан колледж оқытушылары баяндама жасап, бейнероликтер қойылды. Онлайн режим де өтсе де, өтілген іс-шара ешбір қатысушыны бей-жай қалдырмады. Тарих парақтарындағы ақтаңдақтарды ақтау жолындағы осындай игі шаралар жиі жалғасатындығы айтылып, дөңгелек үстел қорытындыланды.