«Кемел білімінің көкжиегін ашқан кітаптар»

       Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласы арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, еліміздің өркендеп алға басуына әлемнің озық тәжірбиесін меңгеруі керек екендігін айтқан болатын. Сонымен қатар мемлекетіміздің гүлденуі, ғылым – техниканың қарыштап дамуы – ол, еліміздегі жастардың білімділігіне, ерік – жігеріне байланысты екенін ерекше ескертіп, «2019жыл – Жастар жылы» деп жариялады.

       Осы игі бастаманы қолдап одан әрі жалғастыру мақсатында  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің колледжі және жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық орталығында   14 наурыз күні « Жастар жылы» аясында «Кемел білімінің көкжиегін ашқан кітаптар»  атты іс – шара ұйымдастырылды. 

      Іс – шараға  М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі  және  жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының оқытушылары мен  тәлімгерлері, тыңдаушылары  қатысты.

      Білім орданың басшысы Сейдахан Нұрмаханұлы «Білімнің атасы – кітап» деген нақыл сөздің тегін еместігін айтып, барша білім жолында бет бұрған жастарға, жүйелі білім алып, тынбай ізденіп, кітап оқуға көп уақыт бөліп, оқуда озат болуға  талпыныс жасауларын  айрықша ескертті.

     Сонымен қатар білім алушыларға аударылған алғашқы 19 оқулықтың алдағы бірнеше жылда гуманитарлық барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндігі бар екенін және де бұл оқулық салалары бойынша зертеліп, зерделеніп жүрген мамандар мен оқытушыларға, жоғары оқу орнының студенттері мен ғылымға қызығушылық танытатын оқырмандарға арналғанын атап айтты.

      Колледж студенттері Тәжібай  Мира, Лесбай Айдана, Алтынбек Назгүл және  дайындық орталығының тыңдаушылары Исламхан Мұхамедханұлы мен  Кафалов  Бекмұрат  өнерлерімен көрермендерді қуантса, арнау өлеңдері ұстаздар мен студенттерді шаттыққа бөледі.

      Іс –шараның соңында колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолынбек Оңғарбайұлы және Райхан Кенжеханқызы сөз алып, студенттердің жақсы білім алып, болашақ білікті маман болып, халық үшін қызмет ететін биік тұлғалардан болуға тілектестік білдіріп, іс – шараны  қорытындылады.