М.Әуезов атындағы ОҚУ - да Аризона Мемлекеттік университетінен (АҚШ) арнайы өкілдер келді

Әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі - Аризона Мемлекеттік университетінің (АҚШ) арнайы өкілдері М.Әуезов атындағы  ОҚУ- да қонақта болып бірқатар жоспарлар нақтыланды.  Атап айтсақ,  Аризона университеті мен қос дипломды білім алу бағдарламасы, академиялық мобильділік, профессор оқытушылар құрамының аталған университетте іс-тәжірибеден өтуі, сондай-ақ елімізде шет ел университеттерінің өкілдіктерін ашу жөнінде де жан- жақты талқылау жүргізді.