ОҚУ ОРДАСЫНДА ҚОС ДЕПУТАТ БІЛІМ АЛУДА

Шымкент қаласының аумағында тұратын 14-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан қалалық жастар мәслихатының депутаттарын арнайы критерийлер бойынша іріктеу керек болатын. Жалпы мәслихат 29 жас депутаттан құралып, өкілеттілігі екі жылға созылатындығы хабарланды.  М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің  студенттері Төленбек Нұрайым Шахимергенқызы және Байниязова Ұлдана Жолымбекқызы жастар мәслихаты депутаттығына ағымдағы жылдың маусым айынан бастап өз үміткерлігін ұсынған. Үш кезеңнен тұратын сынның арнайы талаптарынан сүрінбей өткен екі білім алушы Шымкент қаласы жастар мәслихатының депутаты атанып, жастар мәселесіне қатысты сайлауалды бағдарламаларын іске асыруға кірісіп кетті.