"Сапалы кәсіптік техникалық білім-жастар жаңғыруының негізі" атты ғылыми –тәжірбиелік конференция

24.04-25.04.2019 ж. аралығында   М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде "Сапалы кәсіптік техникалық білім-жастар жаңғыруының негізі" атты ғылыми –тәжірбиелік конференциясы 4 секция  бойынша ұйымдастырылды. "Қазіргі тіл білімі мен әдебиеттану" бағыты бойынша "Шымкент қаласында туылған саяси қуғын-сүргін құрбандарының еңбектері" тақырыбында ЕТ-18-13к тобының білімгері Абдукадиров Азамат баяндамасын қорғап,                    1 орын  иеленді.  "Бәсекеге қабілеті жастарды тәрбиелеу және дамыту" бағыты бойынша "Жасыл экономика" тақырыбында

ЕТ-18-13к тобының білімгері  Тоқан Әлфия баяндамасын қорғады.

"Жаратылыстану ғылымдар" бағыты бойынша ВЕТ-18-15К тобының білімгері  Өмірзақ Бағжан "Бруцеллез-адамзат дерті" тақырыбы бойынша баяндама қорғап, 1 орын иеленді. Сонымен қатар   "Құрылыс, көлік және өнеркәсіп" бағыты бойынша ТМн-17-5к тобының білімгері  Мұхаммеджан Жанна "Агломераттың құрамындағы кремениземнің рөлі" тақырыбы бойынша баяндамасын  қорғап,  жүлделі 1 орын иеленді.

      Конференция  қорытындысы бойынша  М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледж директоры Сейдахан Нұрмаханұлы Әлібек  ғылыми –тәжірбиелік конференцияға қатысқан барлық білімгерлерді құттықтап, дипломдар және сертификаттармен марапаттады.