«Тәуелсіздік ел тұғыры»

13-желтоқсан күні, сағат 14.00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік универсиететінің колледжінде  16-желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай  мерекелік іс-шара өтті.  Іс-шара барысында ОҚМУ колледжінің директордың оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Малибеков Ж.О. студенттерді тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, тәуелсіздік жолында құрбан болған аға-әпкелерімізді еске алды. Сонымен қатар әр қатысқан желтоқсан оқиғасына қатысқан ер-азаматтарды таныстырып өтті Желтоқсан оқиғасына қатысқан ардагерлер жастарға болған оқиғаны айта отырып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңыда Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.  ҚРн-17-8к, МЖн-17-6к, ВТо-16-1р топтарының ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен жалғасты.