Тұғырлы тұлға – Мұхтар Әуезов

Қыркүйек айының 28 жұлдызында Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің ұжымы мен студенттерінің арасында қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туған күніне орай ZOOM  бағдарламасында онлайн «Тұғырлы тұлға – Мұхтар Әуезов»атты тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында колледж директоры Әлібек Сейдехан Нұрмаханұлы әдебиеттің асқары іспеттес тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы өз пікірімен бөлісіп, XIX ғасырдың асқар белі Абай болса, ХХ ғасырдың заңғар биігі - Мұхтар Әуезов деп ойын қорытындылады. «Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасын күллі дүние жүзіне паш еткен, әдеби классиканың шырқау шыңына шығарған шығармашыл тұлға туралы колледждің жас мамандары Сәрсенбек Салтанат пен Мұстафа Әсемай толық ақпарат берді. Мұхтар Әуезовтің Алаш арыстары қатарында қазақ ел-жұртының ұлттық намысын оятуға, рухани жаңғыруына айырықша еңбек еткені туралы сөз бастаған колледж оқытушысы Автюхова Светлана Николаевна дара тұлғаны зор қанағат сезіммен еске алды.

Сөз соңында қазақтың даңқты жазушысы, ғұлама ғалымы, әдебиет сыншысы, тамаша педагогы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің даралығы мен даналығы, заңғарлығы мен дархандығын келер ұрпаққа аманат еткен білім саласында жүрген әр оқытушы жадында сақтау керек деген ұранмен аяқтаған болатын.