Түркістан – ұлы даланың рухани ордасы

           31.01.2019 ОҚМУ колледжінің ұйымдастыруымен «Түркістан – ұлы даланың рухани ордасы» атты кездесу кеші өтті. Кешке белгілі жазушы, тарихшы М. Әбдәкімұлы, облыстық өзбек этномәдени орталығының төрағасы И. Хашимжанов, университет аға тәлімгері С.Бейсенов, студенттер мен оқытушылар қатысты.

          Кешті колледж директоры, тарих ғылымдарының докторы  С.Әлібек ашып, Түркістан облысының құрылуының маңыздылығы, рухани астанамыздың кешегісі мен бүгінгісі туралы ой өрбітті. Өз кезегінде М.Әбдәкімұлы Түркістан мен Шымкент қалаларының тарихына шолу жасап, өз еңбектерін колледж кітапханасына тарту етті. Ал өзбек этномәдени орталығы басшысы И.Хашимжанов бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселесіне де тоқталып, Түркістанның түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы, рухани ордасы екендігін атап көрсетті.

          Кеш барысында студент жастар ән шырқап, күй шертіп, өз өнерлерін ортаға салды. Кездесу соңында колледж директоры келген қонақтарға алғысын білдіріп, И.Хашимжановқа «ОҚМУ-ға 75 жыл» мерекелік медалін табыстады. Сондай-ақ ол мұндай жастардың рухани өсуіне сеп болатын тағылымды шаралардың алдағы күнде де өз жалғасын таба беретінін жеткізді.