«Types of computer system(Input devices, out put devices) Phrasal verbs English Tenses» атты тақырыпта ашық сабақ өтті

         2018 жылдың 26 қарашасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің  шет тілі пәнінің оқытушысы Есходжаева Улжалгас Исахановна ЕТ-18-13к  тобында «кәсіптік шет тілі» пәнінен «Types of computer system(Input devices, out put devices) Phrasal verbs English Tenses» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында студенттер берілген тақырып бойынша қызықты  мәлімет алды және өзіндік тапсырмаларды орындады. Есходжаева Ұ.И. дәріс барысында оқытудың интерактивті тәсілдерін қолдана отырып, өзін жоғары білікті маман ретінде көрсете білді. Айта кеткенде, оқытушы дәріс кезінде  «Таксономия Блума», «Рефлексия» сияқты студенттерге керекті ақпаратты оңай есте сақтап алуға көмектесетін оқыту тәсілдерін пайдаланған. Өз кезегінде, сабақтың мақсаты өз мәресіне қол жеткізді.