«Ұлт рухының, ұлы жолы»

        13.12.2018ж М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде Тәуелсіздіктің  27 жылдық мерейлі мерекемізге арналған «Ұлт рухының, ұлы жолы»  мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шара Тұрар Рыскулбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастау алды. Мерекелік  іс-шараға   Шымкент қаласы және Түркістан облысы  патриоттық қозғалыс «Желтоқсан  ақиқаты» республикалық   бірлестіктің төрағасы  Сағынтаев Батырхан Тұрарұлы, патриоттық қозғалыс «Желтоқсан  ақиқаты»  республикалық  бірлестіктің мүшелері  Сартаев Абдурахман,  Байкобеков Нұрмахан,  Шамбилов Өскенбай және Төлеметов  Бейбіт  қонақта болды.

Алғашқы сөзді т.ғ.д., профессор, колледж директоры Сейдахан Нұрмаханұлы  Әлібек алып, іс-шараның өзектілігіне кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ ол, білім ізденген жас буынға жете түсіндіріп, Еуразия даласындағы ата-бабаларымыздың жаһандық тарихтағы рөлін жас ұрпаққа байыппен жеткізуіміз заман талабы екендігін жеткізді.

Мерекелік іс-шара  «Ұлт рухының, ұлы жолы» екі бөлімді қамтыды.

            І бөлім қазақ халқының тарихына арналған «Ұлы Дала тарихы»,ІІ бөлім «Тәуелсіздік белестері» 27 жыл ішінде Қазақстанның жеткен жетістіктеріне арналды.«Ұлы Дала тарихы» бөлімі сахналық қойылыммен көрсетілді. Мерекелік іс-шара барысында Шымкент қаласы және Түркістан облысы  патриоттық қозғалыс «Желтоқсан  ақиқаты» республикалық   бірлестіктің төрағасы  Сағынтаев Батырхан Тұрарұлы М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледж директоры Сейдахан Нұрмаханұлы  Әлібекті алғыс хатпен марапаттады.