«Ұлы даланың жеті қыры»

         М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің директоры  С. Әлібек мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ежелгі қазақ жеріндегі  металл кендеріне, ата-бабамыздың аңшылық-саятшылық дәстүрлеріне, әлем назарын аударған Алтын адамға, киелі Алтай даласындағы орта ғасырлық қалаларға, Ұлы Жібек жолының тарихымыздағы алатын орнына ерекше тоқталған. Елбасының мақаласы – руханият әлеміндегі  жаңалықтарға бастайтын бағалы дүние. Оны ілгері бастыруға құлшыныс таныту барлығымызға міндет болуы керектігін  айтты.

         Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында озық дәстүрлерді  жаңғыртудың маңыздылығын айтудағы идеясының жалғасы. Қазіргі жаһандану, өркениеттік даму заманында электрондық жүйелер қандай рөл атқарса, қазақ елі үшін ұлттық дәстүр мен мәдениетті, тарихты жаңғыртудың маңызы зор. Тарихты білуге, дәріптеуге деген қажеттілік бүгінгі күннің басты тақырыбы.

       Елбасы ат үстінде жүрген көшпенділердің атқа міну мәдениетін ұлы дала елінен тарағанын, атты әскердің пайда болуында көшпенділердің рөлін орынды жеткізген. Қазақ халқы ежелден көшпенді тұрмыста өмір сүрді. Табиғатпен біртұтас байланысқан қазақ дүниетанымының қалыптасуында жылқыны жеті қазынаның бірі санап, оны киелі деп есептеп жыл қайыруда жетінші орын берген. Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес.

      Мемлекет басшысы металлургия мәселесін тереңнен бастады. Ата-бабаларымыз жаңа, берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты деп атап өтті.Бұдан түйетін ой – біздің ата кәсібіміз тек мал бағу емес. Қазақ халқы ежелден-ақ металл балқыту, кен байыту ісін меңгеріп, әлемдік өркениетке де үлес қосқан.

      Президент Ұлы Дала дүниетанымындағы болмысын ашатын маңызды құндылық ретінде аң стилін айта кетіп, оның әлемдік өнердегі биік белестердің бірі ретінде көрсетті. Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін қар барысы екені кездейсоқтық емес. Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсететінін баса айтып кетті.

Алтай өңірін күллі түркі әлемінің бесігі деп бағалады. Түркі мәдениеті қала мәдениетінің дамуында, көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналды. Қазақстанның саяси және мәдени өмірінде түркі дүниетанымының маңызы зор. Қазақ халқы ата-тегін «түбіміз түрік» деп түркілермен байланыстырады. 

Кітапханашысы Бердимуратова Б.Э. "Ұлт көшбасшысы ұлттық тәуелсіздік идеологиясы жолында рухани жаңғыруымыздың бір тармағы ретінде тарихымызды тануды тағы бір мәрте айтып өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты даму жолын белгілеген өзінің стратегиялық бағдарламалары мен жолдауларында халқымыздың рухани жаңару процесінің егемендікпен келген рухани бостандық, ұлттық дүниетаным мен тарихтағы дербес танымдардың қалыптасуы нәтижесінде болды" - деп өз ойын айтып өтті.

Осы орайда тарихтан тамыр үзбеу үшін оны қазіргі заманауи қажеттіліктермен үндестіре, санаға сіңірудің жолдарын және бір айқындады. Жүйелі жобаның түп қазығында – ұлттың  тарихына ұрпақтың қанығуы сияқты ізгі ой жатыр. Біз осынау жаңғыру арқылы жоғалтқанымызды тауып, барымызды түгендей аламыз. Ұрпаққа қандай мұра қалдыратындығымызды және бір електен өткіземіз. Мақаланың құндылығы да  осында болса керек.

         Қорыта айтқанда, М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі кітапханашысы Елбасы мақаласымен танысып қана қоймастан, оны оқырмандар арасында кеңінен насихаттауға да белсене кірісіп отыр. Бұл жұмыс жүйеге қарасты кітапханалар бөлімшелерінде де қызу қолға алынуда.