"Ұлы даланың жігіттері"

    06.03.2019ж.  М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде «Болашаққа бағдар:рухани  жаңғыру" бағдарламасы  және "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында  «Ұлы даланың жігіттері" тақырыбында  іс-шара болып өтті. Іс-шараны  қоғамдық пәндер оқытушысы Н.Ж Досыбай ДТн-18-1к тобының білімгерлерімен өткізді.  Н.Ж. Досыбай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру» мақаласының  маңыздылығына тоқталса,  "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласына қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні оқытушысы А.М  Шитыбай өз баяндасында  қазақ халқының мәдениетімен дәстүрі, әдет-ғұрпы жайында  баяндап берді.

       Іс-шара барысында ДТн-18-1к тобының білмгерлеріне  қазақ халқының салт-дәстүрлерінен сұрақтар қойылып,  ұлттық ойындар ұйымдастырылды. «Асық ату», «Бес  тас», «Хан талапай» және т.б ойындар ойнатылып, белсенді білім алушылар марапаттқа  ие болды.

     Іс-шара соңында колледж жанынан құралған «ОҚМУ жастары» көңілді тапқырлар командасының әзілдері көрермендерге куаныш сыйлады.