«Ұстаз – ұлағатты есім»

«Ұстаз – ұлағатты есім»

М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде ұстаздар мерекесіне орай қазан айының 11 күні «Ұстаз – ұлағатты есім» тақырыбында іс-шара өтті. Университет бас ғимаратының Акт залында өткен жиынды колледждің белсенді жастары ұйымдастырды. Салтанатты жиынға М.Әуезов атындағы ОҚМУ бірінші проректоры  Қ.Е.Нурманбетов, М.Әуезов атындағы ОҚМУ әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор С.Қ.Бейсенбаев, Қоғамдық кәсіптер факультетінің деканы С.Абдраимова, М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің директоры С.Н.Әлібек қатысып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің  «жылдың ең үздік педагогі» атағымен Гаухар Көкешовна,  ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен Гаухар Халмуратова марапатталып, білім саласындағы қажымас еңбегі үшін колледж оқытушыларына  М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі директорының алғыс хаты табысталды.  Салтанатты жиын ұстаз ғұмырынан сыр шертетін шағын көрініспен басталып, концерттік бағдарламаға ұласты.