«Worldskills Kazakhstan-2018»

2018 жылдың 6 наурызында «Worldskills Kazakhstan-2018» Чемпионаты байқауының аясында колледж ашық есік күнін өткізді. Колледж оқытушылары мен білімгерлері өз таңдаған мамандықтарының маңыздылығын, заманауи техникалық тұрғыдан өркендеп дамуын және  техникалық мамандардың алда әлі үлкен ізденістердің, зерттеулердің қажеттілігімен таныстырды.  «Worldskills Kazakhstan-2018» сайысында білімгерлер жасаған жұмыстарын таныстырып қана қоймай, оның қазіргі кезеңде қолдану аясын, тиімділігін, ерекшелігін көрсетіп тиісті орындарын алды. Атап айтқанда, «Құрылыс бұйымдары мен құрылымдар өндірісі» мамандығының білімгері Шымырбай Жандос «Болашақ колледж» жобасын таныстырды, жетекшісі Асанова А; «Трикотаж, тоқыма, галантерея бұйымдары» мамандығының білімгері Тағаева Аружан өз жобасын  таныстырды, жетекшісі Шертаева М.; «Машина құрылысы технологиясы» мамандығының білімгерлері Тохтасынов Суннатбек «Маторлы қайық құрастыру» жоба жетекшісі Оралова М., Тұрғымбай Нұрдаулет «Медициналық шприц арқылы гидравликалық экскаватор жасау» жоба жетекшісі Әкімқұл Ә. өз еңбектерімен таныстырды.  Осындай ғылыми жобалар орта буындағы кәсіби мамандардың, білімгерлердің санасында  жаңа тың идеяларды тудыратыны ақиқат.

Қала мектептерінен келген 500 аса оқушылар М.Әуезов ОҚМУ колледжінің «Колледж тынысы» көрмесімен, материалдық-техникалық базасымен, «Мамандықтар әлемімен» танысып, колледж білімгерлерінің дайындаған концертін тамашалады.