Жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты»

М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде 2019 жылдың 2 қыркүйек күні бірыңғай «Адалдық сағаты»өткізілді. Аталған іс-шараға колледж табалдырығын   жаңа аттаған  І курс студенттеріне М.Әуезов атындағы ОҚМУ тәрбие ісі және жастар саясатының директоры С.А.Мәжінбеков және колледж директоры т.ғ.д профессор С.Н.Әлібек дәріс оқыды. Колледж директоры С.Н.Әлібек «Саналы ұрпақ»  жобалық кеңсесінің  және «Саналы  ұрпақ» ерікті клубының жұмысына  тоқталып кетті.  Студенттерге жоғарыда аталған тақырып бойынша дәріс жүргізген колледж қонағы С.А.Мәжінбеков жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеуіміз керектігін айта кетті. Сонымен  қатар әрбір жеке тұлға өз бойындағы адами қасиеттерін, рухани байлығын үнемі дамытып, жан-жақты жетілген, бәсекеге қабілетті жас маман болу әрбір тұлғаның  қолында екенін айта отырып, жастарды адалдық қоғамын құруда белсенділікке шақырды. Іс-шара соңы  саясаттану пәнінің оқытушысы  Н.Ж. Досыбайдың ұйымдастыруымен   дөңгелек үстелге ұласты.