«Жалындаған жастар - ел болашағы»

27.02.2019ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде  «Жалындаған жастар - ел болашағы» тақырыбында колледж оқытушылары А.Ж.Әділ және М.А.Пиртаеваның ұйымдастыруымен кездесу өтті. Кездесуге «Жастар Ресурстық орталығының» психологы  Жани Қамбар Сайдуллаұлы, әлеуметтік педагогы Дүненбаев Ермахан Оразханұлы және колледж жастары қатысты. Орталықтың мамандары кездесу барысында тәуелсіз елдің жадыраған жастары үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалану, жастарда патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға шақырды. «Жастар жылында»жетістіктерге жетелейтін «Start Up», «Бизнес жол картасы»  және т.б  жаңа мүмкіндіктерді пайдалану туралы өз ойларымен бөлісіп, ақыл кеңестерін берді.