«Жаны мейірімге толы адам – бақытты»

М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде  «Жаны мейірімге толы адам – бақытты» атты қайырымдылық жәрмеңкесі  ұйымдастырылды. «Парасаттылық мектебі», «Ізгілік елшілері», «Саналы ұрпақ» клуб мүшелерінің ат салысуы арқылы өткен қайырымдылық жәрмеңкесіне жүрегі жомарт оқу орын ұстаздары мен студенттері түгел қатысты. Жәрмеңкеде колледж директоры С.Н.Әлібек: жомарттық – адам бойындағы ең тамаша қасиеттердің бірі екендігін айтып, жас ұрпаққа қайырымдылық жасаудың маңызын түсіндірді. Студенттер өздерінің қолдарынан жасаған түрлі тағамдар мен тәттілерді жәрмеңкеде саудаға салды. Бұл жәрмеңкеге әрбір колледж студенті ерекше дайындалды. Себебі мұндағы заттардың көбісі білім алушылардың өз қолдарымен әзірленген. Ал түскен қаржы Шымкент қаласындағы балалар үйіне көмек ретінде жұмсалатын болады. Аталмыш мақсатта ұйымдастырылатын жәрмеңке жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.