«Жас маман-2019» байқауы

Жаңғыру арқылы  жаңа әлемге бет түзеген  тұста жастар мемлекеттегі  басты қозғаушы күш болып  табылады. Осы орайды жастар жылы аясында М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде 3.04-26.04.2019ж аралығында колледжішілік «Жас маман-2019» байқауы болып өтті. Байқауға колледждің  еңбек өтілі 5 жылға  дейінгі  7 жас маман қатысты. Байқаудың мақсаты: жас мамандардың біліктілігі мен өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу және жас мамандардың педагогикалық тәжірбиелерімен бөлісу тәсілдерін, біліктіліктерін арттырып, ғылыми қабілеттілігін жетілдіру болатын. Байқауға қатысушылар 8 бөлім бойынша бақ сынады.

         «Жарқын елдің шамшырағы –жас маман» тақырыбында  қатысушылар эссе жазып, жас мамандардың портфолиосы қаралды.

Сонымен қатар  «Білімді маман-ел тірегі» педагогикалық-психологиялық, заң және оқытушының пәнінен  тест тапсырып, ащық сабақтар өткізді. 26.04.2019ж колледж сахнасында  өздерін таныстырды  және   өз өнерлерін көрсете отырып, кәсіби  шеберліктерімен бөлісті. Байқаудың  жеңімпаздарын анықтау үшін колледждің ғылыми дәрежесі  бар және  жоғары санатты оқытушылардан құралған  арнайы әділқазылар жеңімпаздарды анықтады. Бас жүлдені арнайы пән оқытушысы Ж.А.Тұрғанбай, жүлделі І орынды математика пәнінің оқытушысы М.Ә. Оралова, жүлделі ІІ  орынды дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Ш.Ж.Дүйсехан  және жүлделі ІІІ орынды арнайы пән оқытушысы М. А.Пиртаева иеленді.