«Жұлдызы жанған-ұстаз»ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара

        2018 жылдың қазан  айының 5 күні Шымкент қаласы, М.Әуезов  атындағы ОҚМУ-нің колледжінде «Жұлдызы жанған-ұстаз»  ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара  атылып өтілді. Іс-шара таңертеңгі студенттердің  қарсы алуымен басталды. Қосымша бекітілген сабақ кестесімен белсенді студенттер оқытушыларымызды алмастырды. Оқытушылар үшін акт залда  арнайы  коучингтер ұйымдастырылды. Сағат 13:30 М.Әуезов атындағы ОҚМУ А ғимаратында  127 аудиторияда  концерттік бағдарламаға  жалғасты. Іс-шараны директордың м.а А.Ж. Нуралиева   ашып,  колледж оқытушыларын  төл мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Малибеков Жолымбек Оңғарбайұлын,  оқытушылар С.Н.Автюхованы,  Г.С.Сарсенованы, Ұ.Есходжаеваны  елеулі еңбектері үшін марапаттады. Іс-шараны колледждің белсенді студенттері Стрельцов Артем және Сұлтан Аружан жургізді.  ХТн-18-2к тобының студенті Жақсылық Ажардың монологы оқытушыларымызға керемет көңіл-күй сыйласа, ал ҚР-17-8К тобының студенттерінің орындауындағы «Ұстазым» әні қуанышқа бөледі. 2016-2017,2017-2018 оқу жылдарындағы «өзін-өзі басқару  ұйымының студенттік директоры С.Ш.Розметов ұстаздарымызды төл мерекесімен құттықтап жылы лебізін білдірді. «Мереке» би тобының орындауындағы «Цыған» биі  мерекелік іс-шараның шырайын аша түсті. Іс-шара соңында колледжіміздің белсенді студенттері оқытушыларымызды ұстаздық  жолдағы ерең еңбектері үшін «Алғыс хатпен» марапаттады.